09.08.2026, 18:30

Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел көз жұмды

Фото: inbusiness.kz

Аталған дерек бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға қаланың 4-шағынауданындағы №10 үйде болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өңірлік БАҚ мәліметінше, аталған дерек бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Әзірге басқа ақпарат жарияланған жоқ.