Оқиға кезінде автобуста 37 жолаушы болған.
Орал — Қаратөбе бағытымен қатынап келе жатқан жолаушылар автобусынан жол үстінде өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға кезінде автобуста 37 жолаушы болған. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ.
Барлық жолаушы автобус өртене бастаған сәтте көліктен өздігінен шығып үлгерген.
«8 тамыз күні кешкі уақытта жедел кезекшінің пультіне Теректі ауданында, Самара — Шымкент автожолының Шалқар көліне бұрылатын тұсында автобустан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Автобуста 37 жолаушы болған. Олардың барлығы өздігінен эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.Өртті Батыс Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамының сегіз қызметкері мен екі арнайы техникасының жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде толықтай сөндірілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.