10.08.2026, 10:00

«Құқымыз бар»: Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы неліктен 10 млрд теңге өтемақы сұрағанын айтты (ВИДЕО)

Фото: Әлеуметтік желіден

Заң бойынша өтемақы мөлшерін жәбірленуші тарап өзі белгілеуге құқылы, ал соңғы нүктені сот қояды.

Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай айыпталушы тараптан 10 миллиард теңге өндіру талабының астарына тоқталды,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Күдікті бұл көлемдегі шығынды өтей алмайтындықтан, жазасын жеңілдетуге немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға мүмкіндік алмайды.

Заң бойынша өтемақы мөлшерін жәбірленуші тарап өзі белгілеуге құқылы, ал соңғы нүктені сот қояды.

 «Біріншіден, бұл – заңды тәсіл. Мұндай орасан соманы төлей алмаған қылмыскер жазасын жеңілдете алмайды және шартты түрде бостандыққа шыға алмайды. Бұл қарыз оған өмір бойы жүктеледі. Екіншіден, жәбірленуші тарап ретінде кез келген соманы сұрауға құқымыз бар, ал түпкілікті соманы сот шешеді. Біз өз тарапымыздан осы шешімді толық әрі дұрыс деп шештік», - деді Сұлтан Серікбай.