$ 469.93  541.64  5.71

Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Теміртаудың Ескі қала бөлігіндегі Казахстанская мен Республики көшелерінің қиылысында жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырған қауіпті жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көшеден шыға берісте тек «Жол бер» мен «Жаяу жүргіншілер өткелі» белгілері ғана тұрғанымен, солға бұрылуға тыйым салатын немесе оңға қозғалысты көрсететін тиісті белгілер мүлдем орнатылмаған. Оның үстіне жолдағы тұтас сызық өшіп кеткендіктен, әсіресе жаңбырлы күндері жүргізушілерге бағытты ажырату мүмкін болмай қалған. Жергілікті әкімдік пен жол инфрақұрылымына жауапты бөлімдер бұл олқылықты реттеп, тиісті белгілерді орнатуға асығатын түрі көрінбейді. Ал полиция қызметкерлері болса, әкімдік салғырттығынан пайда болған бұл «тұзақ» тұсқа аңду қойып, ереже аңдамай бұзған жүргізушілерді куәлігінен жаппай айырып жатыр. Қала билігінің қарапайым халықты әбігерге салған бұл жауапсыздығы қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0