$ 469.93  541.64  5.71

FlyArystan Дубай рейстерін тағы ұзақ уақытқа тоқтатты

Әуе компаниясының мәліметінше, аталған бағыттағы рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоса алғанда орындалмайды.

Фото:  Orda.kz
Фото: Orda.kz

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әуе компаниясының мәліметінше, аталған бағыттағы рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоса алғанда орындалмайды.

«FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстердің орындалуын уақытша тоқтату мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ұзартылғанын хабарлайды», – делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін рейстердің 29 тамызға дейін тоқтатылатыны айтылған еді.

Әуе компаниясы тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын толық көлемде, ешқандай айыппұлсыз қайтаруға мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. Қаражат билетті сатып алған жер арқылы қайтарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0