$ 466.08  538.56  5.65

«40–50 мың теңгенің гүлін, ақша беретінмін»: Шерхан Аймахан сот жарыссөзінде сөз сөйледі

Сотталушының айтуынша, Нұрай онымен некеге тұруға келіскен және 2025 жылғы 4 қазанда екеуі бірге оның Шымкенттегі үйіне барған.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесінде тараптардың жарыссөзі аяқталуға жақын. Сотталушы марқұммен қарым-қатынаста болғанын және оны жақсы көргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Centralmedia24-ке сілтеме жасап.

Айыпталушы Шерхан Аймахан жарыссөздегі сөзін Нұрай Серікбайдың ата-анасы мен туыстарынан кешірім сұраудан бастады.

«Мен Нұрайдың ата-анасы мен отбасынан кешірім сұраймын. Сондай-ақ Нұрайды жақсы көргенімді айтқым келеді. Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты менің кешірім сұрамағанымды айтты. Бұл олай емес. Мен бұған дейін де Нұрайдың туыстарынан кешірім сұрағанмын. Сондай-ақ оның отбасына 15 млн теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеуге дайын екенімді айтқым келеді. Алайда талап етілген 10 млрд теңге моральдық өтемақыны мойындамаймын және қабылдамаймын», – деді ол.

Сотталушының айтуынша, Нұрай онымен некеге тұруға келіскен және 2025 жылғы 4 қазанда екеуі бірге оның Шымкенттегі үйіне барған.

«Біз қарым-қатынаста болдық, мен оған сыйлықтар беретінмін. Ағалары жұмыстан күтіп алып, үйіне шығарып сала алмаған кезде, мен оны қарсы алып, үйіне жеткізіп жүрдім. Үнемі гүл сыйлайтынмын, олар зНұрайдың әкесі бұған дейін оның қызыл диплом алуы керек болғанын айтты. Бірақ бұл мүмкін емес еді, өйткені ол шәкіртақысынан айырылған болатын. Студент болғандықтан, мен оған ақша жіберіп тұрдым. Оған қоса, оқуына қажетті кеңсе тауарларын сатып алып беретінмін. Біз кездесіп жүрдік, ол бәріне келісетін. Бірақ бұған дейін айтқанымдай, оның әрекеттеріне байланысты жан күйзелісін бастан өткердім және қайғылы оқиға болған күні онымен қарым-қатынасымды тоқтатуға шешім қабылдадым», – деді сотталушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0