11.08.2026, 21:30

Үш көлік соқтығысты: Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, басқа көліктермен соқтығысқан.

Ақтауда үш көліктің қатысуымен болған жол апаты адам өліміне әкелді. Оқиға бүгін, 11 тамызда Ақтау – Маңғышлақ тасжолында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Lada.kz жазуынша, апатқа Toyota Camry, Lada Granta және Toyota Sequoia автокөліктері қатысқан.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, басқа көліктермен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Toyota Camry көлігін басқарған 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Апатқа қатысқан көліктер арнайы айып тұрағына жеткізілген.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286463-us-kolik-soqtygysty-aqtauda-zantursigerlik-zol-apaty-boldy-video