11.08.2026, 23:30

Прокурор Шерхан Аймаханды өмір бойына соттауды сұрады

Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

​Сот процесі жалғасып жатыр.

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот жарыссөзі басталды. Мемлекеттік айыптаушы сотталушы Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

«Сотталушы Шерхан Аймахан Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен («Аса қатыгездiкпен жасалған адам өлтіру»), 125-1-бабының 1-бөлігімен («Некеге тұруға мәжбүрлеу») және 115-1-бабымен («Сталкинг») кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, Қылмыстық кодекстің 125-1-бабының 1-бөлігі бойынша екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, Қылмыстық кодекстің 115-1-бабымен 200 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауды, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігін («Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау») қолданып, түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деді прокурор сот отырысында.