12.08.2026, 17:00

Қарағандыда көлік аударылып, екі адам зардап шекті

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға куәгерлері көліктің ішінде қалған адамдарға дереу көмекке ұмтылған.

Қарағандыдағы адам көп жүретін жол қиылыстарының бірінде екі автокөлік соқтығысып, соққыдан кейін олардың бірі жолдың қақ ортасында аударылып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жол апаты 12 тамыз күні таңғы сағат 08:59-да Гоголь мен Әлиханов көшелерінің қиылысында болған. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Suzuki және Toyota маркалы автокөліктер соқтығысқан. Соққыдан кейін Toyota көлігі аударылып қалған.

Оқиға куәгерлері көліктің ішінде қалған адамдарға дереу көмекке ұмтылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен оның 33 жастағы жолаушысы зардап шекті. Екеуі де медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем бригадасы да келді.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасы фактісі полицияда тіркелді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286541-qaragandyda-kolik-audarylyp-eki-adam-zardap-sekti