Жол-көлік оқиғасы 12 тамызда Көкшетау-Атбасар автожолының 16-шақырымында орын алған.
Ақмола облысында болған апаттан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жол-көлік оқиғасы 12 тамызда Көкшетау-Атбасар автожолының 16-шақырымында орын алған.
«Алдын ала анықталғандай, Mini Cooper маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mini Cooper автокөлігінде болған тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен Mini Cooper автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.