$ 465.19  536.55  5.61

Петропавлда 55 жастағы ер адам жетінші қабаттан құлап қаза тапты

Оқиғаға қатысты әзірге басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

Фото: Азаттық рухы
Фото: Азаттық рухы

Петропавлда ер адам биік қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай 11 тамызда Крепостная көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 55 жастағы ер адам жетінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.

Оқиғаны Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Қазір құқық қорғау органдары жағдайдың мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиғаға қатысты әзірге басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0