Осы уәдемен студенттерден 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алған.
Ақтау қалалық сотының 2026 жылғы 24 маусымдағы үкімімен азамат Д. алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сотта анықталғандай, ер адам Ақтаудағы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттердің сеніміне кірген. Ол ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартуға, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.
Осы уәдемен студенттерден 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алған. Алайда айтқан міндеттемелерін орындамай, қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған.
Осыған байланысты Ақтау қаласының прокуратурасы жаңа оқу жылы қарсаңында азаматтарға ескерту жасады. Ведомство оқу процесіне заңсыз араласуды ұсынып, баға қойып беруге, емтиханнан өткізуге немесе басқа да мәселелерді шешуге уәде ететін адамдарға сенбеуге шақырды.