Айыпталушы 3 бап бойынша кінәлі деп танылды.
Шымкенттегі мамандандырылған аудандық сотта Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Судья Темірәлиев сотталушы Шерхан Аймаханды кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Сот Аймаханды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»), 125-бабының 1-бөлігі ( «некеге тұруға мәжбүрлеу») және 115-бабының 2-бөлігі («сталкинг») бойынша толық кінәлі деп тапты.