13.08.2026, 19:20

Күн тұтылуы кезінде скейтборд трюкін орындаған блогердің видеосы желіде хит болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скриншот

Күн толық тұтылған сәтте ол скейтбордпен трюк орындап, кадрға дәл қара дискіге айналған Күннің фонында түскен

Интернетте испаниялық блогер түсірген ерекше видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Күн толық тұтылған сәтте ол скейтбордпен трюк орындап, кадрға дәл қара дискіге айналған Күннің фонында түскен. Нәтижесінде видео фантастикалық фильмдегі көрініске ұқсап кеткен.

Жарияланғанына бірнеше сағат өткенде ролик миллионнан астам лайк жинаған. Желі қолданушылары скейтбордшының шеберлігіне ғана емес, трюктің Күнді Ай толық жауып қалған сәтпен дәл үйлескеніне де таңғалып жатыр.

Ерекше кадрлар Испанияда түсірілген. 12 тамызда елдің бірқатар аймағында толық күн тұтылуын тамашалауға мүмкіндік болды. Мамандардың мәліметінше, мұндай ауқымды астрономиялық құбылыс Пиреней түбегінде соңғы рет 114 жыл бұрын байқалған.

Тегтер: блогер Күнту