Сотта Шерхан Аймаханның туыстары төбе көрсетпеді.
Нұрай Серікбайдың анасы қызының өліміне қатысты сот процесі кезінде өз ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Осы үкімге ризамын. Ату жазасы жоқ. Сондықтан ол өмір бойына бас бостандығынан айырылып, түрмеден шықпауы керек», - деді Нұрайдың анасы.
Еске салайық, Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты Шерхан Аймаханға сот үкімі шықты. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ сотталушыға 25 млн теңге моральдық шығын, 5 млн теңге материалдық шығын және 2 млн теңге баж салығы кесілді.
Сотта Шерхан Аймаханның туыстары төбе көрсетпеді.