Ол жасөспірімге пәтер алып беріп қана қоймай, білім алуына мүмкіндік жасап, Қажылыққа жолдама да табыстаған.
Бетперде киген жомарт азамат 16 жастағы Нұранаға күтпеген сый жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол жасөспірімге пәтер алып беріп қана қоймай, білім алуына мүмкіндік жасап, Қажылыққа жолдама да табыстаған.
Нұрананың басты арманы — білім алу. Алайда отбасылық жағдайына байланысты ол оқуын тоқтатып, анасына көмектесу үшін жұмыс істеуге мәжбүр болған. Қазір жасөспірім жүк тасып, отбасын асырап отыр.
«Жұмыс істеймін деп, оқуымды тастадым», — дейді Нұрана.
Жақсылық жасаған азамат Нұранаға баспана сыйлап, қайтадан оқуына жағдай жасаған. Сонымен қатар оған Қажылыққа баруға жолдама тарту еткен.
Бұл игі іс әлеуметтік желі қолданушыларының жылы ықыласына ие болды. Көпшілік қайырымдылық жасаған азаматтың әрекетіне риза болып, алғысын білдірді.