14.08.2026, 09:40

Әйгілі рэпер Канье Уэст Алматыға келді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Әуежайда музыкантты қазақтың салтымен – ұлттық бимен, ұлттық дәммен және ыстық ықыласпен қарсы алды".

Канье Уэст деген атпен танымал америкалық рэпер YE Қазақстанға келді. Әлеуметтік желіде оны Алматы әуежайында қарсы алу сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

"Әуежайда музыкантты қазақтың салтымен – ұлттық бимен, ұлттық дәммен және ыстық ықыласпен қарсы алды. Әртіске еліміздің мәдениеті мен дәстүрін таныстыра отырып, шынайы қазақы меймандостық көрсетілді", - делінген жарияланымда.

Еске салайық, бұған дейін танымал америкалық рэпер Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт өткізетіні хабарланған еді.