Шенеуніктер тек бұзылған орындықтар мен құрылғыларды жөндеп, ауланы жуық арада тазалауға сөз берді.
Степногорск қаласының 3-шағын ауданының турғындары тозығы жеткен ойын алаңының суреттерін әлеуметтік желіде бөлісіп, жаңасын салып беруді талап етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрлардан бірнеше онжылдық бұрын орнатылған әткеншектер мен спорттық жабдықтардың қирап, ауланың қоқысқа толғанын көруге болады. Ал жергілікті ТҮКШ бөлімі биыл жаңа алаң орнатуға бюджеттен қаражат қаралмағанын ресми түрде мәлімдеді. Шенеуніктер тек бұзылған орындықтар мен құрылғыларды жөндеп, ауланы жуық арада тазалауға сөз берді.
Ақмола облысының әкімі Мұрат Ахметжанов пен Степногорск әкімі Ғайдар Қасенов тұрғындардың бұл шағымына қатысты әлі пікір білдірген жоқ. Жергілікті халық болса, балалардың өміріне қауіп төндіріп тұрған ескі алаңның қашан ретке келтірілетінін білгісі келеді.