14.08.2026, 16:20

Алматы мен облыстың бірқатар ауданында жарық сөніп қалды (ВИДЕО)

Фото: Курсив

Ақау салдарынан Алматының төрт ауданы мен облыстың он ауданында жарық уақытша өшірілді.

14 тамызда Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақау салдарынан Алматының төрт ауданы мен облыстың он ауданында жарық уақытша өшірілді.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, электр желісіндегі ақау 14 тамыз күні сағат 14:38-де тіркелген. Осы уақытта «KEGOC» компаниясына тиесілі 500 кВ кернеудегі «Л-5400», «Л-5300» және «Л-5320» әуе электр желілері ажыраған.

Осының салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» желілерінде апатқа қарсы автоматты жүйелер – САОН және АЧР іске қосылған. Автоматика қала мен облыстағы бірқатар тұтынушыны электр желісінен автоматты түрде ажыратқан.

Өшірілген жүктеменің жалпы көлемі 300 МВт-ты құрады.

Алматы облысында жарықсыз қалған аумақтар:

Жамбыл ауданы; Балқаш ауданы; Есік қаласы мен оған іргелес аумақтар; Қарасай ауданы; Шелек ауылы мен маңы; Райымбек ауданы; Ұйғыр ауданы; Іле ауданы; Кеген ауданы; Талғар ауданы.

Алматы қаласында жарық өшкен аудандар:

Бостандық ауданы; Наурызбай ауданы; Әуезов ауданы; Алатау ауданы.

Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясының» мамандары электр қуатын тұтынушыларға толық көлемде қайта беру үшін тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.