16.08.2026, 21:30

Индонезиядағы жер сілкінісінен 51 адам қаза тапты

Фото: ТАСС

Шамамен 5 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Индонезияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 51 адамға жетті. Тағы 100-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Агенттіктің мәліметінше, шамамен 5 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Табиғи апат салдарынан 900-ден астам ғимарат қирап, тағы 450 үй бүлінген.

— Көшкіндердің басым бөлігінен кейін үйінділерді тазалап, оқшауланып қалған ауылдарға апаратын жолдарды аштық. Алайда байланыс мәселелері мен электр энергиясының өшуі іздеу жұмыстарын қиындатып отыр, — деп құтқару қызметінің өкілі Фатхур Рахманның сөзін келтірді агенттік.

Jakarta Globe газетінің мәліметінше, аралдағы мемлекеттік және тұрғын үйлер, мектептер, медициналық және діни нысандар зақымданған.

Еске салайық, сенбі күні Индонезияның Шығыс Нуса-Тенгара провинциясында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болған еді.

 Билік Флорес аралының жағалауындағы тұрғындарға цунами қаупіне байланысты үйінен кетіп, жағалаудан кемінде 2 шақырым қашықтықта болуды ескертті.