16.08.2026, 23:30

inDrive негізін қалаушы Арсен Томский қазақ қызына үйленді

Фото: arsentomsky/instagram

Миллионердің жары атанған — қазақ қызы Камила Лұқпанова.

Әлемге танымал inDrive компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Арсен Томский шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Миллионердің жары атанған — қазақ қызы Камила Лұқпанова. Қуанышты жаңалықты бизнесмен Threads-тегі парақшасында бөлісті.

Арсен Томский қалыңдығымен Ыстанбұлдағы Босфор жағалауында түскен суретін жариялап, қазақ халқына күйеу бала болғанын әзілмен жеткізді.

«Қазақ ұлтына +1 күйеу бала. Міне, қазақ халқының күйеу баласы», – деп жазды кәсіпкер.

Жас жұбайлардың қуанышына бизнес және қоғам саласының танымал өкілдері де қатысты. Қазақстан мен Грузиядағы Forbes франшизасының иесі Арманжан Байтасов тойдан бірқатар кадр жариялап, жас жұбайларды құттықтады.

«Бүгін Арсен Томский мен Камиланың үйлену тойы. Жас жұбайларды осы маңызды оқиғамен құттықтау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен достары келді!» – деп жазды ол.

Той қонақтарының арасында Марғұлан Сейсембай, Эдуард Ким, Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахымбаев сынды белгілі кәсіпкерлер болды.