17.08.2026, 07:30

Жаңбыр, найзағай: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Астанада 17 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

"Қазгидромет" РМК 2026 жылдың 17 тамызында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 облысында ауа райының қауіпті құбылыстары тіркелетінін ескертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 17 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 17 тамызда күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 17 тамызда күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.

Түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 17 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше, ал оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 17 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қонаевта 17 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 17 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 17 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысы бойынша 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 17 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігіндеел батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 17 тамызда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 17 тамызда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 17 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 17 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 17 тамызда оңтүстіктен-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында 17-19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да 17-19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.