$ 464.02  536.18  5.54

Астанада ойнап жүрген бала тоққа түсті (ВИДЕО)

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада ойнап жүрген бала тоққа түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға А105 көшесіндегі №11 үйдің ауласында болған. Сол жерде жоғары кернеулі электр кабелі өтеді. Тұрғындар қауіпті учаскені реттеуді бұған дейін бірнеше рет сұраған екен.

Бұған дейін "Галамат" құрылыс компаниясы кабельдің үстін топырақпен жапқан. Алайда бұл қауіпсіздік мәселесін толық шешпеген. Оқиғаға дейін кабель ұшқындаған. Кейін бала тоқ соғып, зардап шекті.

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Полиция қылмыстық іс қозғады. Кабель электр желісінен ажыратылып, қауіпсіз түрде көмілген.

ВИДЕО: Halyqstan

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0