Сұлтан Серікбайдың сөзінше, бұдан бөлек, істі тергеген қызметкерлерге қатысты да сот процесі болуы мүмкін.
Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай қарындасының ісіне қатысты сот процестері әлі аяқталмағанын мәлімдеді. Ол әлеуметтік желідегі видеосында істің алда апелляциялық және кассациялық сатылардан өтетінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сұлтан Серікбайдың сөзінше, бұдан бөлек, істі тергеген қызметкерлерге қатысты да сот процесі болуы мүмкін. Сондықтан отбасы істің соңына дейін жетуге ниетті.
«Әлі апелляция, кассация, тергеушінің соты бар. Істі аяғына дейін жеткізген жоқпыз. Бұл – тек бастамасы», – деді Сұлтан Серікбай.
Ол сондай-ақ осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Сұлтан Серікбай прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.