$ 461.39  534.75  5.45

10 жасқа толмаған балалар діни лагерьге барған: министр сұраққа жауап бермеді

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанда «Иман-жаз» деп аталатын жазғы діни лагерьлерге 10 жасқа толмаған балалардың да қатысқаны туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпароваға жиын барысында сұрақ қойылды. Сұрақ қойған спикердің айтуынша, «Иман-жаз» лагерлері негізінен 10-15 жастағы балаларға арналған. Алайда ҚМДБ-ның ресми ресурстарында жарияланған фото-видеолардан 10 жасқа толмаған балаларды да көруге болатынын айтты. Шынар Ақпарова Қазақстанда биыл қосымша білім беру ұйымдарына қарасты 170 жазғы лагерь жұмыс істегенін жеткізді. Оның сөзінше, олар үшін арнайы білім беру-сауықтыру бағдарламалары әзірленіп, Оқу-ағарту министрлігінің сараптамасынан өткен. Алайда бірінші вице-министр «Иман-жаз» діни лагерьлері туралы нақты сұраққа бірден жауап берген жоқ. Ол бұл мәселе бойынша қосымша ақпарат беріліп, ресми жазбаша жауап жолданатынын айтты. Сондай-ақ Ақпарованың мәліметінше, Қазақстанда исламтану мамандығы бойынша білім беретін 9 колледж бар. Бірақ олар діни білім беру бағдарламаларын өз бетінше жүзеге асыра алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#лагерь #дін