18.08.2026, 20:30

Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның денесі 4 күннен соң табылды

Фото: ТЖМ

Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылған.

47 жастағы ер адам өзеннің Сычевка ауылы маңында батып кеткен. Құтқарушылар Ертіс өзенінің жағалауын қайықпен 83 шақырымды шолып шыққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ертіс өзенінің Павлодар ауданы Сычевка ауылы маңынан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1979 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан алып шықты.

- Төрт күнге созылған іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар қайықпен Ертіс өзенінің оң және сол жағалауының 83 шақырымын шолып, тексерді. Эхолоттың көмегімен 16 900 шаршы метр су айдыны зерттелді. Жағалау бойымен жаяу 10 шақырым жол жүрілді. Сүңгуірлер 34 рет нүктелік сүңгу жұмыстарын жүргізіп, өзен түбінің 3 400 шаршы метр аумағын тексерді, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.

Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылған.