18.08.2026, 21:30

Сот өтінішін қанағаттандырмады: марқұм Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі жәбірленуші болып қалады

Фото: Kazinform

Келесі сот отырысы 20 тамызда өтеді. 

Сот жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуінің өзін жәбірленушілер қатарынан шығару туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін Астанада тұрғын үйдің қасбеті опырылып, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі соттан өзін жәбірленуші мәртебесінен босатуды сұраған. Өтінішті қараған судья Меруерт Абаева оны қанағаттандырудан бас тартты.

"Сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдап, шешім шығарды: жәбірленушінің өкілі Зейнелдің өтінішін қанағаттандырудан бас тартылсын. Сондай-ақ бұл өтінішпен жәбірленушінің өкілі басты сот талқылауы барысында одан жауап алынғаннан кейін қайта жүгінуге құқылы екені түсіндірілсін", – деді судья.

Айта кетейік, іс бойынша айыпталушы – МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) төрайымы бүгінгі сот отырысында өз кінәсін толық мойындамайтынын мәлімдеді.

Келесі сот отырысы 20 тамызда өтеді.