$ 460.13  532.6  5.42

«Ашумен ұрған шығар»: Мадинаның көршісі күйеуі туралы айтты (ВИДЕО)

Алайда марқұмның ата-енесі журналистке сұхбат беруден бас тартқан.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал журналист Жан Ахмадиев Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадинаның қайын жұртына барып, жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда марқұмның ата-енесі журналистке сұхбат беруден бас тартқан.

Осыдан кейін Жан Ахмадиев олардың көршісімен сөйлесіп, Мадинаның отбасы туралы пікірін тыңдаған. Көршісінің айтуынша, Мадияр мінезі жуас жігіт болған.

«Көрші тұрсақ та Мадияр-жуас бала. Ашумен ұрса ұрған да шығар. Еркек болған ұрады ғой. Ұрғанда да өлтіріп ұрғанын көрмеймін мен. Отбасы болған соң айқайласып ұрысқан шығар», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0