$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37

Тоқаев Мажарстан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Петер Мадьяр мен оның отандастарын ұлттық мереке – Әулие Иштван күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

– Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады, – деп жазылған жеделхатта.

Президент қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін көптеген бағытта нығайта түсуге әрдайым бейіл екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0