20.08.2026, 17:50

«Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды

Фото: Видеодан алынған кадр

Сондай-ақ ол жағдайы төмен отбасылар мен жалғызбасты әйелдер тұратын баспаналарды жаңарту немесе тұрғындарды қауіпсіз үйге көшіру мәселесін көтерді.

Атырауда Құрманғазы ауданының тұрғыны елді мекендегі қоқыс пен ескі үйлердің жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, Комхоз маңындағы жасыл желек пен шөп басқан аумақта тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр, ал арнайы техника бұл жерді тазаламайды. Тұрғын өткен ғасырдың 50-жылдары салынған екі қабатты үйлердің әбден тозғанын айтып, аудан әкімінің бұл үйлердің жағдайынан хабары бар-жоғын сұрады.

Сондай-ақ ол жағдайы төмен отбасылар мен жалғызбасты әйелдер тұратын баспаналарды жаңарту немесе тұрғындарды қауіпсіз үйге көшіру мәселесін көтерді.

Бұдан бөлек, кейбір үйлердің кіреберісіне дүкен салынып, төтенше жағдай кезінде өрт сөндіру техникасының кіруіне кедергі келуі мүмкін екенін айтып, мұндай құрылысқа кімнің рұқсат бергенін сұрады.

Бір аумақта қоқыс, тозығы жеткен баспана және қауіпсіздік мәселесі қатар көтеріліп отырғанда, аудан әкімдігінен нақты шара мен түсініктеме қажет.