$ 462.22  536.5  5.43

ШҚО-да екі жұмысшы кәріз құдығына құлап, есінен танып қалған

Оқиға Қасым Қайсенов ауылында болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында полицей өз өмірін қатерге тігіп, кәріз құдығына түсіп кеткен екі жұмысшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды  Sn.kz  ақпарат порталы. 

Оқиға Қасым Қайсенов ауылында болған. «Молодежный» КМК-нің екі қызметкері №11 үйдің маңында кәріз құбырларын тазалап жатқан. Жұмыс кезінде олардың бірі құдыққа түсіп, есінен танып қалған.

Әріптесіне көмектесу үшін екінші жұмысшы да құдыққа түскен. Алайда ол да іште есінен айырылған.

Оқиғаны сол маңнан өтіп бара жатқан Ұлан ауданының криминалисі Әсет Нағашыбаев байқап қалған. Ол кәріз құдығының жанындағы адамдардың көмек сұраған дауысын естіп, бірден учаскелік полиция инспекторына хабар берген.

Көп ұзамай оқиға орнына учаскелік инспектор Нұрдәулет Тетепов жеткен. Жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсінген полицей уақыт жоғалтпай арқан алдырып, оны бекіткеннен кейін құдыққа өзі түскен.

Полицей өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, құтқару жұмысын тоқтатпаған. Ол алдымен бір жұмысшыны, кейін екіншісін құдықтан шығарып, екеуін де қауіпсіз жерге жеткізген.

Құтқарылған екі азаматқа оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетті. Олар медицина мамандарына тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0