21.08.2026, 07:30

Тұман, жаңбыр: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

21 тамызда түнде және таңертең Астанада тұман түседі деп күтіледі.

2026 жылғы 21 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең тауда сел жүру қаупі бар. Күндіз облыстың солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 21 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, сондай-ақ батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 21 тамызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 21 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 21 тамызда төтенше өрт қаупі, Қонаевта 21 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстік-батысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 21 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл соғады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 21 тамызда түнде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақыттарда бұршақ түседі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында және оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

21 тамызда түнде және таңертең Астанада тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ түсіп, дауыл соғады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 21 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 21 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 21 тамызда түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Петропавлда 21 тамызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 21 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.