21.08.2026, 10:45

Жаңасын төсеп, қайта бүлдірген бе?: Семейдегі жөндеу тұрғындардың ашуын туғызды

Фото: Видео скриншот

Абай көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы жергілікті ақпарат көздері де хабарлаған.

Семейдегі Абай көшесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ескі плиткаларды алып тастау кезінде бұған дейін орнатылған жаңа бордюрлердің зақымданғанын көруге болады. Осыған байланысты қала тұрғындары жөндеу жұмыстарының неге белгілі бір тәртіппен жүргізілмегенін сұрап отыр.

Тұрғындардың пікірінше, алдымен ескі плиткаларды бұзып алып, содан кейін ғана жаңа бордюрлерді орнату тиімді болған. Енді олар бүлінген бордюрлердің қайта ауыстырылатыны және бұл жұмыстарға қосымша қаражат жұмсалатыны туралы нақты жауап күтуде.

Абай көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы жергілікті ақпарат көздері де хабарлаған.

Тегтер: қабырға Семей