$ 458.23  535.99  5.46

Қарағандыда әйел киімін киіп, TikTok-та әдепсіз стрим жасаған ер адам ұсталды

Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, оған ресми ескерту жасалды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қарағанды облысында TikTok желісінде әдепсіз сипаттағы тікелей эфир жүргізген 56 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қарағанды тұрғыны Еркін Жантықпаев әлеуметтік желіде әйелдердің киімін киіп, құқыққа қайшы мазмұндағы бейнероликтер жариялаған. Полиция аталған жайтқа қатысты тексеру жүргізіп, тиісті шара қабылдады.

Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, оған ресми ескерту жасалды.

Полицияның мәліметінше, азаматтың әрекеті заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы келген. Осыған байланысты оған қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік шарасы қолданылған.

Қазір ер адам әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшірген. Дегенмен полиция оның әрекетін бақылауда ұстап отыр. Егер ол ескерту талаптарын қайта бұзса, заңға сәйкес қатаңырақ жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпке қайшы келетін контент таратпауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0