$ 456.88  534.64  5.47

Абай облысындағы 20 жастағы қыз өлімі: анасы істің әділ тергелуін сұрады (ВИДЕО)

Ол істің қоғам назарында болуын және күдіктінің әрекетіне заң аясында тиісті баға берілуін сұрады. 

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Абай облысының Бородулиха ауылында 13 шілдеде қаза болған 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованың анасының видеоүндеуі тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол істің қоғам назарында болуын және күдіктінің әрекетіне заң аясында тиісті баға берілуін сұрады. 

Анасының айтуынша, Дильназ оның жалғыз баласы болған. Жас қызға шабуыл жасалып, бірнеше рет пышақ жарақаты салынған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол көз жұмған.

Абай облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлады. Күдікті анықталып, ұсталып, кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір тергеу аяқталып, процеске қатысушылар іс материалдарымен танысып жатыр. Полицияның мәліметінше, қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп, тараптардың, соның ішінде жәбірленуші жақтың уәждеріне құқықтық баға берілген.

Ведомство күдіктінің әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны сот беретінін атап өтті. Жиналған дәлелдемелерді бағалау және қылмыстың саралануын анықтау да соттың құзыретіне жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0