$ 498.34  519.72  4.85

Астанада жаңа көлік жүйесі іске қосылады

«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» (ВRT, ITS) жобасын келер жылы іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлімдегендей, аталған жобаның басты артықшылықтарының бірі - аялдамалар саны негізінде сараланған жолақысын төлеу мүмкіндігі болып табылады.

«Қазіргі кезде жобаның заңды құрылымына және қаржы кестесіне байланысты дайындық жұмыстары қолға алынды. Тариф саясатын қолдайтын билет сату жүйесі Астана қаласының жаңа көлік жүйесінің ағымдағы және алдағы жобаларын синхрондау кезінде ескерілетін басты элемент болмақ. Жолаушылар түрлі бағыттағы көліктерге ауысып отыру мүмкіндігіне ие болады, оның үстіне уақыты мен ақшасын үнемдейді. Ал жолаушылар ағыны қалалық бағдарлар бойынша біркелкі бөлінетін болады. Бұл өз кезегінде, жолаушыларды тасымалдау қызметінің тартымдылығы мен қолайлылығын арттырады», делінген хабарламада.

Билет сату жүйесі қала мен оның тұрғындарына бірқатар артықшылықтар береді. Жолақыны төлеу контактісіз карталармен (электронды ақша) билет сату автоматтары арқылы жүзеге асырылады. Жолаушылар автобус сервисі мен BRT (билет сатудың жалпы жүйесі) үшін бір картаны қолданады. Ол валидатордың көмегімен автобуста тіркеледі. Қаланың жаңа көлік жүйесі қоғамдық көлікті әлдеқайда қолжетімді және қолайлы етпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары