Құрылтай сайлауы күні Алматының Медеу ауданындағы №361 сайлау учаскесінде Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Іс-шараның басты мақсаты – сайлау учаскесіне отбасымен және балаларымен келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жайлы әрі мерекелік атмосфера қалыптастыру.
Бағдарлама аясында кішкентай қонақтарды танымал ертегі кейіпкерлері бейнесіндегі қуыршақтар қарсы алды. Кейіпкерлер балалармен бірге би билеп, түрлі көңілді ойындарға қатысып, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады.
Сонымен қатар балалар қуыршақ кейіпкерлерімен естелік суретке түсіп, мерекелік бағдарламаға белсене қатысты.
Мұндай мәдени бағдарлама сайлауға отбасымен келген Алматы тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, ата-аналары дауыс беріп жатқан уақытта балалардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік берді.