Қонаевта Шавкат Рахмонов Құрылтай сайлауына қатысты.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлемдік аренада Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген спортшы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысып, азаматтық таңдауын білдірді.
Шавкат Рахмонов – халықаралық аренада Қазақстанның атын танытып жүрген танымал ММА шеберлерінің бірі. Оның жекпе-жектері әлемдік ММА жанкүйерлерінің назарында.