$ 456.88  534.64  5.47

Құрылтай сайлауы: 8,2 млн-нан астам адам дауыс беріп үлгерді

Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.

Фото: ОСК
Фото: ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауы бойынша сағат 16:00-де қанша адам дауыс бергенін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші:

  1. Астана қаласы бойынша – 46,38%;
  2. Абай облысы бойынша – 71,18%;
  3. Ақмола облысы бойынша – 73,69%;
  4. Ақтөбе облысы бойынша – 75,63%;
  5. Алматы облысы бойынша – 67,23%;
  6. Атырау облысы бойынша – 63,37%;
  7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,81%;
  8. Жамбыл облысы бойынша – 69,11%;
  9. Жетісу облысы бойынша –  77,03%;
  10. Қарағанды облысы бойынша – 70,91%;
  11. Қостанай облысы бойынша – 70,09%;
  12. Қызылорда облысы бойынша – 81,38%;
  13. Маңғыстау облысы бойынша – 65,86%;
  14. Павлодар облысы бойынша – 67,06%;
  15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,94%;
  16. Түркістан облысы бойынша –  76,73%;
  17. Ұлытау облысы бойынша – 64,29%;
  18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,33%;
  19. Алматы қаласы бойынша – 36,65%;
  20. Шымкент қаласы бойынша – 67,92%.

Жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0