$ 456.88  534.64  5.47

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай депутаттары сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

Қырғызстан Президенті құттықтау жеделхатын жолдады.

Фото: 24kg
Фото: 24kg

Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас қазақ халқын Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары сайлауының сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Азаматтардың еркін білдіруі нәтижесінде құрылған Құрылтай Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады деп терең сенемін.

Сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделеріне, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің одан әрі дамуына қызмет ететінін ризашылықпен атап өтемін.

Қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастары алдағы уақытта да дәйекті түрде нығайып, екі ел халықтарының мүддесі үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету жолында жаңа мазмұнмен толыға беретініне сенім білдіремін.

Сізге зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін», – делінген Президент Садыр Жапаровтың құттықтау жеделхатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0