24.08.2026, 14:30

Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді

Фото: Видеодан алынған кадр

Ағаш түбіндегі топырақты тұтас жабу оның тамырына ауа мен судың жетуін қиындатуы мүмкін.

Семейде абаттандыру кезінде ағаштардың түбіне дейін бетон төселгені тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

. Әлеуметтік желіде тараған видеода Қаныш Сәтбаев көшесі, 4 мекенжайындағы ағаш діңдерінің айналасында топырақ қалдырылмағаны көрінеді.

Қала тұрғыны мұндай жағдайда ағаштардың әрі қарай қалай өсетінін сұрап, жауапты мекемелердің жұмысын сынға алды.

Ағаш түбіндегі топырақты тұтас жабу оның тамырына ауа мен судың жетуін қиындатуы мүмкін.

Семей әкімдігі әзірге видеода көтерілген мәселеге қатысты түсініктеме бергені туралы бізде ақпарат жоқ.

Тұрғындар енді жауапты мекемелерден жағдайды тексеріп, ағаштардың айналасындағы жабынды талапқа сай ретке келтіруді талап етіп отыр. Видео: @mysemey18