24.08.2026, 15:30

«Алтын квадрат» аты ғана ма? Алматыда қымбат пәтер алған тұрғын жөндеу кезінде құрылыс сапасына шошыды

Фото: видеодан алынды

 

Алматының «Алтын квадрат» аталып кеткен ауданынан пәтер алған тұрғын жөндеу кезінде күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Үйді бұзып-жөндеу барысында қабырға мен еденнің астынан ескі құрылыс материалдары мен бірнеше қабат жабын шыққан. Видео авторы мұны кеңестік кезеңдегі құрылыс сапасымен байланыстырып, көргенін әлеуметтік желіде көрсетті. Кадрлардан қабырғаның сылағы үгітіліп, оның астындағы ескі қабаттардың ашылғанын көруге болады. Тұрғын қымбат аудандағы ескі пәтерді жөндеу кейде ойлағаннан әлдеқайда күрделі әрі шығыны көп болуы мүмкін екенін көрсетті. Желі қолданушылары да ескі үйлерді сатып аларда сыртқы көрінісіне ғана емес, қабырға, еден мен коммуникациялардың жағдайына мән беру керегін жазып жатыр.