25.08.2026, 10:20

Қазақтың көрнекті ақыны Марфуға Айтхожинаның туғанына 90 жыл

Фото: Zharar.com

Марфуға Ғалиқызы Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Құлжа қаласында дүниеге келген.

Бүгін, 25 тамызда қазақтың көрнекті ақыны Марфуға Айтхожинаның туғанына 90 жыл толды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Марфуға Ғалиқызы Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Құлжа қаласында дүниеге келген. 1958 жылы тарихи Отанына көшіп келіп, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған ол кейін «Қазақ әдебиеті» және «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде қызмет етті.

Ақынның әдебиеттегі жолы 1959 жылы басталып, 1962 жылы «Балқұрақ» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді. Марфуға Айтхожина 40-тан астам кітаптың авторы. Оның шығармаларында туған жер, махаббат, ұлттық рух, адам тағдыры мен сағыныш тақырыптары кеңінен жырланды.

Марфуға Айтхожинаның қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жоғары бағаланды. Ол Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Ақын «Құрмет белгісі», «Парасат» және II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Марфуға Айтхожина – қазақ поэзиясында өзіндік үні мен қолтаңбасын қалдырған көрнекті ақындардың бірі. Оның 90 жылдық мерейтойы – қазақ руханияты мен ұлттық әдебиет үшін маңызды дата.

Тегтер: туған күн ақын