25.08.2026, 11:20

Пәкістанда 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: Pixabay

Жерасты дүмпуі 25 тамызда Астана уақытымен сағат 06:18-де болған. 

Қазақстандық сейсмологтер Пәкістан аумағындағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі 25 тамызда Астана уақытымен сағат 06:18-де, Гринвич уақытымен 01:18-де болған.

Оның эпицентрі 34,13° солтүстік ендік пен 70,11° шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісі 35 шақырым тереңдікте тіркеліп, энергетикалық класы K=13,6, магнитудасы 4,9 деп бағаланды.