Ақтаудағы облыстық ауруханаға пневматикалық тапаншадан екі рет жарақат алған 30 жастағы ер азамат келіп түсті, деп хабарлайды Baq.kz.
«Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жайттан кейін тәртіп сақшыларынан шұғыл құрылған топ «Нұрас» жанармай бекетіне келіп жеткен», делінген хабарламада.
Полицейлер анықтағандай, оқиға орын алар сәтте жанармай бекетінде ұзын-сонар кезек болған. Кезекті бөлісе алмай қалған екі жүргізуші алдымен ерегіскен. Артынша бірі «Оса» маркалы пневматикалық тапаншасын алып, шүріппені екі рет басыпты. Оқ жәбірленушінің оң жауырынына тиген.
Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынған. Оның үстінен бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.