25.08.2026, 17:00

Алматыдан Ақтауға барып, есірткі таратпақ болған 20 жастағы бойжеткен сотталып кетті

Фото: pixabay

Бірнеше мың теңге үшін өміріңізді құртып алмаңыз!

Алматыдан Ақтауға келген 20 жастағы бойжеткен Telegram арқылы есірткіні «тығын» (закладка) тәсілімен таратуды көздеген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қылмыстық әрекеті дер кезінде әшкереленіп, оның жанынан синтетикалық психотроптық заттардың 27 орамы тәркіленді. 

Ақтау қалалық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. 

Telegram арқылы «оңай табыс», «курьер» немесе «закладка» сияқты жұмыс ұсынатын хабарламалар - ақша табудың жолы емес, қылмыстық жауаптылыққа апаратын жол. 

Бірнеше мың теңге үшін өміріңізді құртып алмаңыз!