Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жылқы байланған арқан себеп болған.
Риддерде 23 тамызда мотоцикл мінген 13 жастағы қыз қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жылқы байланған арқан себеп болған.
Полицияның хабарлауынша, қыз бағанаға байланған аттың арқанын байқамай, мотоциклмен соғылған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Мотоциклде болған 15 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Алайда әлеуметтік желідегі куәгерлер оқиғаның мән-жайы бойынша басқа нұсқаны алға тартып отыр. Олардың айтуынша, жерде арқан емес, металл трос тартылған. Куәгерлер трос мотоцикл жүргізушілері бұл жермен өтпеуі үшін мойын тұсына жуық биіктікте әдейі тартылғанын жазған. Сонымен қатар қала тұрғындары оқиға орнында жылқы болмағанын да мәлімдеді.