Іс полиция департаментінің бақылауында.
Облыстық Полиция департаменті медицина қызметкерінің өз міндетін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс полиция департаментінің бақылауында.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала жедел жәрдеммен көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген. Емдеу барысында республикалық клиникалық орталық мамандары бірнеше рет телемедициналық кеңес берген.
Қазіргі таңда жағдайға қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.