Әлеуметтік желіде тараған видеода жолдың тегіс емес, көлік қозғалысына қолайсыз күйге түскені анық көрінеді.
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Байтоғас ауылы маңындағы ойлы-қырлы жол жүргізушілердің наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жолдың тегіс емес, көлік қозғалысына қолайсыз күйге түскені анық көрінеді. Былтыр аудан әкімдігі Қарсақбай – Байтоғас бағытындағы жолға жөндеу жүргізілгенін хабарлаған, алайда кадрдағы қазіргі жағдай жол сапасына қатысты сұрақты қайта көтеріп отыр.
Бұған қоса, ШҚО әкімдігінің жол жөндеу жоспарында Қарсақбай – Байтоғас бағытындағы 5 шақырым учаскені жөндеу 2027–2028 жылдарға белгіленген. Жолдың бүгінгі жағдайын ескерсек, тұрғындар тағы бірнеше жыл күтуі керек пе, әлде әкімдік қауіпті әрі қолайсыз учаскені ертерек ретке келтіре ме деген заңды сұрақ туындайды.
Өңір басшылығы инфрақұрылымды дамыту туралы есеп бергенде, ауыл арасындағы осындай жолдардың нақты жағдайы да назардан тыс қалмауы тиіс.