27.08.2026, 16:00

Шығыс Қазақстанда әйелі мен күйеуі өлі табылды

Фото: Polisia.kz

Қайғылы оқиға 23 тамызда болған.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында әйел мен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 тамызда болған.

«23 тамызда Күршім ауылында дене жарақаттарын алу салдарынан 31 жастағы әйел көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелді онымен бірге тұрған ер адам жарақаттап, өлтіріп алған. Мас ер адам одан кейін өз-өзіне қол жұмсаған», – деп жауап берді ведомство BAQ.KZ редакцияның сауалына.

Аталған факті бойынша Күршім аудандық полиция бөлімі қылмыстық істер қозғады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтыны айтылды.